Алматыда мас жүргізуші 15 жастағы қызды қағып кетті
Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші 15 жастағы қызды қағып кетті. Жасөспірім жедел ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақатынан есін жимай көз жұмды. 1982 жылы туған көлік иесі оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда тез ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Сонымен қатар мегополистің Саин көшесінде де корейлік көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші жақын ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Алдын-ала болжам бойынша ер адам жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп өтпек болған. Қазір осы оқиға бойынша тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06