Қара жамылған отбасына Астана қаласы әкімдігі көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара жамылған отбасына Астана қаласы әкімдігі көмек көрсетеді

04.02.2019

Бұл қайғылы оқиға естіген жанның бәрінің қабырғасын қайыстырды. Қара жамылған отбасына Астана қаласы әкімдігі көмек көрсетеді. Балғындарды жерлеу рәсімін өткізуге кететін шығындарды әкімшілік толықтай өз мойнына алып отыр.

Бұған қоса, қан жұтқан ата-анаға психологиялық-медициналық көмек беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы хабарлады. Әкім сондай-ақ, осындай сұмдық жағдайлар болуы мүмкін қаладағы жер үйлерді тексеруді күшейтуді тапсырды. Жалпы, тиісті қызметтер жыл сайын күн суытып, от жағу маусымы басталғаннан саяжайлар мен жер үйлерде қауіпсіздік шаралары тексеріп, бақылауға алады екен. Дегенмен, кейбір тұрғындар берілген нұсқауды орындай бермейтін көрінеді.   

Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы:

- Көктал-1 тұрғын үй алаңында осы күнге дейін бірнеше рет тексеру, тіргеу жүрген болатын. Дәл осы үйге бірнеше ескетулер жасалған болатын. Осы үйдің қожайынымен сөйлесіп, тиісті қателіктерді жою туралы құжатты қолына тапсрған болатын. Алайда, өздеріңіз көріп отырсыздар, осындай қайғылы жағдай орын алды. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу