Павлодарда 6 жылға созылған көпір құрылысы келесі жылы аяқталмақ
Павлодарда 6 жыл бұрын құрылысы басталып, аяқтамай қалған көпір қайта салынатын болды. Нысан «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің жалғасы. Яғни, Нұр-Сұлтаннан басталатын автомагистральдің Кереку арқылы Семей және Ресейге баратын торабы. Бірақ жобалаушылардың қателігінен бітпей қалған. Іс сотта дәлелденіп, қаржы мемлекетке қайтарылды.
Ермұрат Нұрханов, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
Асфальт салу жұмыстары салынбаған, 1 шақырымы есептелмеген. Сосын көпірдің астынғы биіктігі дұрыс емес, үш-ақ метр. Үлкен көліктер өте алмайтындай қылып жасалған. Сондықтан жоба құжаттарына қайта түзетулер жасалды.
Президент сынынан кейін қаражат табылып, мердігер компания жұмысқа кірісті. Жоба бойынша көпірді аяқтап, осы аумақтағы 10 шақырым жерге асфальт төсеу үшін 6 млрд теңге қарастырылған.
Ренат Гадельшин, мердігер компания өкілі:
Бізге қазір 1 млрд 800 млн теңге берілді. Қаржыландырудан кідіріс болмаса биыл жұмысты аяқтаймыз. Негізі келер жылы бітеді деп жоспарланған.
Болат Аманбаев
Автор
                            Болат Аманбаев
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
                                Кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын комиссиялар 7 мыңнан астам істі қарады
                                    04.11.2025, 14:16
                                
                                Атырауда 2600-ден аса ағаш егілді
                                    04.11.2025, 13:27
                                Алматыда республикалық пікірсайыс турнирі басталды
                                    04.11.2025, 13:24
                                Каспийде итбалықтар тағы қырылып жатыр
                                    04.11.2025, 13:21
                                Филиппин аралдарында «Калмаеги» тайфуны соқты
                                    04.11.2025, 13:18
                                Римде ортағасырлық мұнара құлады
                                    04.11.2025, 13:15
                                Қазақстаннан Сербияға алғаш рет әуе рейсі тура ұшып барды
                                    04.11.2025, 13:12
                                Алматы халқына күн райына байланысты ескерту жасалды
                                    04.11.2025, 13:09