Шымкентте колледж студенттері мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ұялы телефонын тартып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте колледж студенттері мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ұялы телефонын тартып алған

30.01.2019

Екі бойжеткен сабақтан үйіне қайтып келе жатқан 9-сыныптың қыздарын сырт көзден таса жерге апарып, қорқытып, қоқан-лоққы жасаған. Аяусыз теуіп, беттерінен ұрған. Ол аздай, бірінің iPhone 5 ұялы телефонын алып кетеді. Ішкі істер органына болған оқиға туралы жәбірленген оқушының бірінің ата-анасы арызданған. Жазылған арыз бойынша Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Ішкі істер басқармасы қызметкерлері қазір ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Гүлзат Бекболатова, Шымкент қаласы №10 орта мектебі директорының орынбасары:

- Біздің тарапымыздан ол жерде болды деген қыздардың барлығының ата-анасына хабарластық. Барлығын шақырттық. Еңбекші аудандық Ішкі істер басқармасы мамандары келді. Солар өздеріне қажетті сұрағын қойып, қосымша мәлімет аламыз деп, Ішкі істер басқармасына алып кетті.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу