Павлодарда шағын аудан тұрғындары бір жыл бойы жарыққа ақша төлемеген
Павлодарда жаңа салынған шағын аудан тұрғындары бір жыл бойы жарыққа ақша төлемеген. Бірақ электр қуаты үздіксіз беріледі. Ал төлемақыны ешкім талап етпейді. Мердігер компания бұл үйлерге соңғы үлгідегі, яғни, электронды есептегіш құралдарын орнатып берген. Сондықтан тұрғындар бастапқыда бақылаушылар электр энергиясын қашықтан есептеп жүр деп ойлаған көрінеді.
Жарқынай Жұмабаева, қала тұрғыны:
Біз төлемейміз деген жоқпыз. Төлейміз. Бірақ бізге ешқандай түбіртек келген жоқ.
Жаңа үйге бір жыл бұрын қоныстанған тұрғындар бастапқы алты айда су мен жылуға да бір тиын төлемеген. Өздері дабыл қаққанннан кейін ғана түбіртектер келе бастапты. Бұл үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы сапасыз жасалғандықтан осындай мәселе туындады дейді шаһар басшысы
Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:
Жаңа тапсырған үйлерді монополистер алмай жатыр. Өздерінің құзырына. Соған жұмыс жасап отырмыз. Егер монополистер алмайтын болса ол бюджеттің балансында болады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00