Өрт қаңтардың 15-і күні түн ортасында болған. Бірінші боп түтін иісін сезген отанасы үйдегілерді түгел тұрғызған. Алайда, мал қора әп сәтте отқа оранып, бар-жоғы екі сағатта малымен қоса жанып кетті. Қазір 200 шаршы метрден астам қора-қопсы күлге айналған. Өрт туралы дабыл кезекші бөлімге түнгі сағат 01:00-ден кете түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттың ішінде жеткенімен, жалынды ауыздықтау 3,5 сағатқа созылды.
Қафәния Нұрмұханова, Жымпиты ауылының тұрғыны:
- Екі бұзауымен бір сиырды аман алып қалды. Қалғанының бәрі жанып кетті. Аудан әкімі барымызша көмектесеміз деді. Өрттің неден болғаны белгісіз.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.