19 сәуірден бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Ахмет Ясауи» телехикаясы шығады. Тарихи туындыны Түркияның мемлекеттік «TRT» теле радиокомпаниясы түсірген. Қазір, арна мамандары дубляж жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Актерлердің «Ахмет Ясауи» телехикаясына дубляждап жатқан көрінісі бұл. Басты кейіпкерді дыбыстау бақыты Мирасқа бұйырған. Тарихи, таным-пайымы терең туынды болғандықтан, жауапкершілігі зор дейді ол.
Мирас Жақып, дубляж маманы:
Әр сөйлемге, әр сөзіне дыбыстап жатқан кейіпкеріме, дауысына өте мән беріп, мына жақта бір топ адам режиссер, аудармашы, редактор бар дыбыстап жатқан. Енді 100 пайыз алып шығуға тырысып жатырмыз.
«Ахмет Ясауи» түркі әлеміне ортақ тұлға, сопылық ілімнің негізін қалаушы. Ислам дінін таратушылардың бірі. Ғұлама, әулие hәм философ. Телехикая ұлы тұлға жайлы және оның ғибратты өмірі мен жүрiп өткен күрес жолын суреттейді. Туынды 26 бөлімнен тұрады.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қожа Амет Ясауиді бірлесіп түсіруге ниет еткен едік. Қуанышты жаңалық, түрік бауырлар оны түсіріп қойыпты. Біз сол түсірілген сериалды сәуір айынан Қазақ еліне де түрік бауырларымызбен қатар көрсетуге келістік.
Сапар сәтті болды. Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокомпаниясы түсірген «Ахмет Ясауи» телехикаясы енді қазақстандық көрерменге жол тартады. 19 сәуірде, Ұлттық арнада сериалдың тұсауы кесіліп, дүйсенбі-жұма күндері 21:30-да эфирге шығады.
Армангүл Тоқтамұрат