Басты Жаңалықтар Теміртауда белгісіз біреу кәсіпкерлердің көліктерін қасақана өртеп жіберген

Теміртауда белгісіз біреу кәсіпкерлердің көліктерін қасақана өртеп жіберген

Полиция мен көлік иелері бұған қатысты қандай да бір дерек ұсынған адамға сыйақы беретінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, құрышты қаланың 9-шы шағын ауданында Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі қасақана өртелген. Сондай-ақ, қаланың 70-ші кварталында Hyundai көлігіне де от қойылған. Toyota Avensis «темір тұлпары» да жанып кеткен. Өрт сөндірушілер бұл қасақана ұйымдастырылған қылмыс деп отыр. Барлық өртенген көліктердің иелері - кәсіпкерлер мен ірі коммерциялық компаниялардың қызметкерлері. Қазір бұл жағдайда қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- 3 қаңтарға қараған түні Теміртау қаласының үш тұрғынынан өздеріне тиесілі көліктерін өртеп, зақымдағаны жөнінде арыз-шағымдары түсті. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу