Екібастұз қаласындағы майнинг орталығы өртенді
Екібастұз қаласындағы майнинг фермасында өрт шықты. Компания Солнечный кентіндегі Мемлекеттік аймақтық электр сатнциясы аумағында орналасқан. Бірақ нысанның стансаға еш қатысы жоқ, жеке меншік иелігінде. Дерекке қарағанда 150 шаршы метр аумақта майнинг жабдықтары мен ғимараттың қабырға қаптамалары жанған. Адамдар аман. Қазір өрттің нақты себебін полиция тексеріп жатыр. Орталықта қанша «машина» істен шықты, криптовалютаға зақым келді ме? Екібастұздық майнерлер әзірге бұл жайында ақпарат берген жоқ.
Ернұр Өтегенов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Өрт шыққан сәттен бастап айнала қою қара түтінге толды. Бірақ алаулаған от жан-жаққа тараған жоқ. Сол 150 шаршы метрден аспады. Ол жерде шеке өрт сөндіру бекеті бар.Солар өз күштерімен сөндіріп алды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді
11.03.2026, 17:37
Түркістан облысында бұқаралық спорт дамып келеді
11.03.2026, 17:35
Мина Сейітова атындағы студия ашылды
11.03.2026, 17:33
Елімізде «Nauryz Sale» мерекелік шарасы өтеді
11.03.2026, 17:29
Жаңа Конституцияның жобасы – құқықтық жүйедегі жаңа кезең
11.03.2026, 17:27
Ақмолалық ұстаздар қауымы Конституция жобасын талқылады
11.03.2026, 17:25
Жаңа Конституция жобасы – жастардың болашағына құқықтық кепілдік
11.03.2026, 17:23
Жамбыл облысында алаяқ ерлі-зайыпты сотталды
11.03.2026, 17:20