Қарағанды облысында полиция капитаны киіктерді қырған
2018 жылдың 25 желтоқсанында табиғат қорғаушы инспекторлары Нұра ауданының аумағына рейд жүргізген. Жолай Жанбөбек ауылынан 30 шақырым жерде сынып, жолда қалған автокөліктерді кездестірген. Әрі қарай көлік ізімен жүріп, атылған 18 киіктің етін тапқан. Сөйтіп, қаскөйлердің соңына түседі. Тексеру барысында Ұлытау ауданының Алғабас ауылында тұратын учаскелік полиция инспекторының қорасынан 12 киіктің еті табылған. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жанатай Сембеков, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
- Жүргізілген қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторы Ішкі істер органдарының жұмысынан шығарылды. Басқа мәлімет қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-і бабына сәйкес жарияланбайды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы