Қызылорда облысында 60 гектар жайылымдық жерді су алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 60 гектар жайылымдық жерді су алды

26.12.2018

Қызылорда облысының Қазалы ауданы аумағында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін су жырып, 60 гектар жайылымдық жерді су алды. Ауыл-аймаққа қауіп жоқ. Қазір бұзылған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 51 техника, 150 адам жұмылдырылған. «Бөгет осыдан 10 жыл бұрын салынған, апатты жағдайда емес, биыл ғана жөндеу жүргізілді», - дейді мамандар. Сондықтан, бұл тұс қауіпті деп саналмаған.

Ғалым Сматуллаев, Қазалы ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы:

- Аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Осыған арнайы штаб құрылды. Қазіргі уақытта жарындыны қалпына келтіру мақсатында авариялық материалдар, қамыс, қада, тас жеткізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу