Шымкентте 70-ке жуық мүлік иелерінің бірлестігі құрылды
Елімізде жаңадан енгізілген мүлік иелерінің бірлестігін құру жобасы Шымкент қаласында сәтті жүзеге асып жатыр. Бүгінде мегаполисте 2 мыңға тарта көпқабатты тұрғын үй болса, соның 70-ке жуығы мүлік иелерінің бірлестігіне бас біріктірген. Мұндай жаңа құрылым көпқабатты үй тұрғындарының баспанаға қатысты проблемаларын өздері және оңтайлы шешуіне мүмкіндік береді. Әрбір үй өз алдына дербес есепшот ашып, ай сайын оған белгіленген мөлшерде жарна төлейді. Қорға жинақталған қаржыны тұрғындар ортақ қажеттіліктеріне келісе отырып жұмсай алады. Жаңа жүйенің бұған дейінгі кондоминимумнан артықшылығы- бірлестікке бұрынғыдай бірнеше көпқабатты тұрғын үй емес, бір үйдегі пәтерлер ғана мүше бола алады.
Марғұлан Әбдікәрімов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаментінің басшысы:
Бұл бірлестік жергілікті атқарушы орган арқылы бюджеттен көмек ақша сұрауына мүмкіндігі бар. Мысалы: лифт айырбастауға, жаңарту немесе күрделі жөндеу жүргізуге. Бірақ ол қайтарылатын ақша.
Өмірбек Ақылбеков, мүлік иелері бірлестігінің жетекшісі:
Бір үй болған соң күтіп ұстауы, ауласының, жертөлесінің таза болуы оңай болады. 3-4 үй емес. Тиімді жүйе деп есептеймін.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06