Қарағанды облысында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтілді
Қарағанды облысында күннің жылынуына байланысты су тасқынының алдын алу шаралары күшейтіліп, арнайы штаб тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Әсіресе, қалың қар басып жатқан аумақтарда судан қауіп бар. Өңір бойынша 174 елді мекенннің дайындығы пысықталды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллион 700 мың текше метр қар шығарылып, 200 шақырым арық тазартылды. Жол бойындағы көпірлер мен құбырлар да қардан аршылып жатыр. Жол сапа мамандары бұл жұмыстарды жіті бақылауға алған. Былтыр 33 елдімекеннің аумағында 22 шақырым жал көтерілді. Өңірдегі ең қауіп басым Ғабиден Мұстафин ауылы. Мұнда Нұра өзенінің 6,5 шақырым жағалауы бекітілген.
Мұрат Қатпанов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:Бүгінгі күнге дейін ауыл аймақтарын су басу қауіпі бойынша бізге әртүрлі 26 хабарлама келіп түскен болатын. Бүкіл жағдайлар уақытында шешіліп, қазір бақылаудан алынып тасталды. Алдын алу жұмыстарына 400 адам мен 100 бірлік техниканы жоғары деңгейлі дайындықта ұстап отырмыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09