Мүлік иелері бірлестігі құрылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүлік иелері бірлестігі құрылып жатыр

05.04.2021

Көппәтерлі тұрғын үйлер басқарудың жаңа әдісіне көшіп жатыр. Пәтер иелері копперативінің орнын мүлік иелері бірлестігі басуда. Қазіргі таңда еліміз бойынша 1850 осындай ұйым құрылған. Яғни, баспана иелері өздері тұрғын-үйді басқарады. Бастысы бәрі ашық. Бір үй-бір есепшот қағидасы бойынша жұмыс істейді. Тұрғындар үй кешенін дамыту, абаттандыру, көгалдандыру секілді жоспарына қатысты шешім де қабылдай алады. Қазіргі таңда елорданың өзінде 250 мүлік иелері бірлестігі жұмыс істеп жатыр. 

 Марғұлан Әбдікәрімов, «Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ департамент басшысы:
Карантин шараларына байланысты көп тұрғындар жиналыстарын өткізе алмай қалды. Қыс біткеннен кейін және жылу маусымы аяқталғаннан кейін қарқынды жүреді деп ойлаймыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу