Мемлекеттік ұлттық парк аумағынан жер телімі заңсыз берілген
Баянауылдағы мемлекет тарапынан ерекше қорғалатын аумақты мал бағу үшін меншіктеп алған кәсіпкер басқа жерге көшіріледі. Облыстан арнайы тексеруге барған комиссия осындай шешімге келді. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық арнаға жергілікті тұрғындардан ұлттық табиғи паркі аумағындағы Біржан көлінен суат ойып, мыңғырған малын суарып отырған фермердің іс әркетіне қатысты шағым түскен болатын. Түсіру тобымыз ол жерде мал қорасы мен бақташыларға арналған үйдің салынғанын анықтады. Ең сорақысы айналасына мал өлекселері шашылған. Ал көлге қожалық еткен лауазымды тұлғаның баласы. Сондықтан жергілікті билік тарапынан еш пәрмен жоқ-деп базынасын білдірген тұрғындардың жанайқайы бекер болмай шықты.
Болат Мидиу, облыстық қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы басшысының орынбасары:Біржанкөл ауылы тұрғындарының арызы және «Қазақстан» телеарнасында көрсетілген сыни бейнематериалдан кейін комиссия құрылды. Тексердік. Аудан әкімі аппараты және жер қатынастары бөлімінің жер телімін берген кезде заң бұзғандары анықталды. Шаруашылық Баянауыл ұлттық табиғи паркі бақылауындағы 2 шақырым аумақтың ішіне кіріп тұр. Енді тараптар арасындағы келісім шарттың күшін жою үшін сотқа береміз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді
11.03.2026, 17:37
Түркістан облысында бұқаралық спорт дамып келеді
11.03.2026, 17:35
Мина Сейітова атындағы студия ашылды
11.03.2026, 17:33
Елімізде «Nauryz Sale» мерекелік шарасы өтеді
11.03.2026, 17:29
Жаңа Конституцияның жобасы – құқықтық жүйедегі жаңа кезең
11.03.2026, 17:27
Ақмолалық ұстаздар қауымы Конституция жобасын талқылады
11.03.2026, 17:25
Жаңа Конституция жобасы – жастардың болашағына құқықтық кепілдік
11.03.2026, 17:23
Жамбыл облысында алаяқ ерлі-зайыпты сотталды
11.03.2026, 17:20