«Қаллеки» театрында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театрында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті

30.03.2021

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры көрермен назарына «Құнанбай» спектаклінің премьерасын ұсынды. Қойылым ел Тәуелсіздігінің және «Қаллеки» театрының 30 жылдығына орай сахналанып отыр. 

Драма авторы Таласбек Әсемқұлов пен қоюшы режиссері Болат Ұзақов Құнанбайдың түп нұсқасын жасауға тырысқан. Қойылымда алып тұлғаның қамаудан кейін баз кешкен күндері мен қажылыққа сапары көрініс табады. Басты рөлді сахнада үш құрам сомдайды. Олар халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Малаев пен актер Нартай Сауданбекұлы. Ал қойылымға бас-аяғы 60-тан аса актер қатысқан.

Айта өтейік, премьера бүгін-ертең де көрерменге ұсынылады. Театр ұжымы сақтық шараларын ескеріп, шақырту билеттерін тек 20% көрерменге таратқан. 

Болат Ұзақов, «Құнанбай» драмасының қоюшы режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Құнанбайдың тұлғасын қаһарлы әділ, шешен, қатігездігі де бар деген тарихи деректі ешкім жоққа шығара алмайды. Біз Құнанбайдың мұндай бейнесін жасаудан қаштық, біз өз Құнанбайымыздың нұсқасын жасауға тырыстық. 

Нартай Сауданбекұлы, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актері:
Біз шамамыз келгенше Құнанбайдай бабамыздың образын өзімізше киіп көріп жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу