«Қаллеки» театрында «Жұт» драмасының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаллеки» театрында «Жұт» драмасының премьерасы өтеді

18.01.2016
«Қаллеки» театрында «Жұт» драмасының премьерасы өтеді

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры қаңтар айының 27-28 күндері «ЖҰТ» драмасының премьерасы. Елорда сахнасында  тұңғыш рет  Тәуелсіздіктің 25 жылдығының аясында қазақ халқының тарихындағы айшықты  оқиғаның бірі, ел басына нәубет  төнген  ашаршылық жылдардағы елдің жай-күйін суреттерейтін драма сахналанбақ.

Авторы – драматург Олжас Жанайдаров, қоюшы  режиссері – Айрат Абушахманов, Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Мажит Гафури атындағы Башқұрт Мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері. Қазақ тіліне аударған – Алмас Алтай. 

Жаман халық жоқ, ал жаман адамдар әр халықта бар. Бойында ар-намысымен қатар пасықтығы да бірге жүретін адам баласы қанша қасірет кешсе де, өзін жоғалтпай, адамдық қасиеттерін сақтап қала ала ма? Қойылым барысында қиын-қыстау заманды бастан кешкен адамның өз келбетін қаншалықты сақтағанын аңғарып, тағдыр сынағына қалай төтеп бергеніне тәнті боласыз.

Театр сахнасынан көрермен ықыласына кеңінен бөленіп жүрген - ҚР «Дарын» Жастар сыйлығының иегері – Сырым Қашқабаев, Асылбек Қапаев, Айнұр Бермұхамбетова, Жанат Оспанов, Айман Карпсейітова, Нұрсұлтан Есен, Айнұр Жетпісбаева,  Жұлдыз Искакова,  Ақмарал Танабаева, Алтынгүл Серкебаеваларды көре аласыздар.   

Хабарламаларға жазылу