Талдықорғанда «Абай» қойылымының премьерасы өтті

14.02.2020

Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы қазақ драма театрында Мұхтар Әуезовтың Абай спектаклінің премьерасы өтті. Режиссер Қуандық Қасымов сахналаған қойылымның ерекшелігі, мұнда өнерлі ұжымның барлық буын актерлары жұмылдырылған. Сондай-ақ басты кейіпкер Абай образы да көрерменге басқа қырынан танылып отыр. Автордың желісі бойынша монолог аз, көбіне топтық көріністер. Хәкім Абайдың жан күйзелісі, пейілі төмен халықпен арпалысуы, әкесі Құнанбаймен және әжесі Зеремен қарым-қатынасы суреттеліп отыр. Шығармашылық ұжым Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында осы спектакльмен ел ішін аралап, шет елдерге де гастрольдік сапарға шығуды жоспарлауда.  

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу