Алматыда «Көмбе нанның дәмі» спектаклінің премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Көмбе нанның дәмі» спектаклінің премьерасы өтті

21.03.2017

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Көмбе нанның дәмі» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымда соғыс жылдарындағы аумалы-төкпелі кезеңде Қазақстанға жер аударылған халықтың тағдыры бейнеленген.

Сол тұстағы өмір өрнегін драмаға арқау еткен Мәдина Омарованың туындысын қоюшы-режиссер Алма Кәкішева бейнелі образбен жеткізді. Ал, театр актерлары әр кейіпкердің болмыс-бітімін асқан шеберлікпен сомдады. Бастысы, сахналық шығармадағы бірлік пен ынтымағы жарасқан еңбекқор жандардың тұрмысы көрермендерді тәнті етті.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ   

Хабарламаларға жазылу