Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғындары 3 күн бойы сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғындары 3 күн бойы сусыз отыр

14.11.2018

Халыққа су көлікпен тасымалдануда. Жергілікті жұрттың айтуынша, аяз салдарынан өзен қатып, Риддерге су жеткізетін қаналға мұз бітеліп қалған. Қазір кесек мұзды жібіту жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Риддер қаласының басшылығы бірқатар ауданға су берілгенін айтып отыр. Бірақ, қала тұрғындары олардың сөзін жоққа шығарып, су көп жерге жетпей жатыр деп шағымданды. Тіршілік нәрі тапшы болғандықтан, білім мекемелері де сабақ кестесін өзгерткен. Қалалық әкімдік және басқа да коммуналдық қызмет басшылары шұғыл жиналыс болып жатқанын алға тартып, ресми сұхбат алу мүмкін болмады.

Зинаида Ларидских, Риддер қаласының тұрғыны:

- Сусыз отырғанымызға 3 күн болды. Дүйсенбі, сейсенбі және міне, бүгін сәрсенбі болды. Не суық су, не ыстық су жоқ. Бүгін түстен кейін көлікпен аулаға су әкелді. Жеке пәтерлер кооперативінің төрағасына қоңырау шалып, осы жағдайдың себебін сұрадым. Оның түсіндіруінше, су құбырларына мұз бітеліп қалған.

Татьяна Зверева, Риддер қаласының тұрғыны:

- Бұл сұмдық жағдай. Балабақшалар жұмыс істемейді. Оқушылар мектепке барып, жарты сағаттан 4 сабақ оқып келеді. Бағдарлама болса, қиын. Қалада төтенше жағдай деп айтар едім. Билік өкілдері су бар деп есеп беріп жатыр, ал, шағын аудандарда, міне, су жоқ.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу