Салдарынан «Маңғышлақ-Алматы», «Ташкент-Самара» және «Астана-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызы уақытынан кешікті. Апат «Қазалы-Сексеуіл» темір жол учаскесінде, нақтырақ айтсақ, «Қамыстыбас-Шөміш» аумағының 2426-шақырымында болды. Құтқару қызметінің мамандары түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, таңғы сағат алтылар шамасында жол қозғалысы қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ. Арнайы құрылған комиссия апаттың себебін анықтап жатыр.
Марат Шәкенов, «ҚТЖ» ҰК АҚ басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары:
- «ҚТЖ» орталық аппаратынан комиссия жұмыс істеп жатыр. Барлығы 45 вагон болған. Рельстен шығып кеткені 15 вагон. Ескі вагондар емес. Қазақстанда 2017 жылы шыққан вагондар. Ресей мемлекетінің вагондары да бар. Соларға байланысты тексеріс жасаймыз.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.