Португалияда «Air Astana» ұшағы апаттан аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда «Air Astana» ұшағы апаттан аман қалды

12.11.2018

Португалияда «Air Astana» компаниясының ұшағы апатқа ұшырай жаздады. Соның салдарынан 54 жастағы британ, 37 жастағы отандасымыз зардап шекті. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталған әуе компаниясының президенті Питер Фостер айтты. Оның сөзінше, 11 қараша күні «Air Astana» әуе компаниясының Embraer-190 ұшағы Португалияда техникалық қызметтен кейінгі ұшу кезінде әуе кемесінен ақау шығып, экипаж Бежа қаласындағы әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Питер Фостер, «Air Astana» әуе компаниясының президенті:

- Біріншіден, ұшақты бақылаудағы қиындықтар тікелей OGMA компаниясы жүргізген жөндеу жұмыстарының салдары. Екіншіден, капитан Аушер қолынан келгенін істеп, ұшақты қауіпсіз қондырды. Әріптестерінің де жанын аман сақтап қалды. Қазір біздің компания «Embraer»-дың тоғыз ұшағын пайдаланады. Оқыс оқиғаның себептері қорытынды нәтижесінен кейін ғана белгілі болады. Ал, қалған ұшақтарды тексеру қажет пе, қажет емес пе, компания бұл туралы шешімді кейінірек шығарады.  

Бұл оқиғадан кейін «Air Astana» ұшқыштарына психологтың көмегі қажет болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарлады. Себебі, олар апаттың алдын алу үшін психологиялық тұрғыда қиналған. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі апатты жағдайда ұшақты қабылдаған Португалия тарапына алғыс айтып, бұл жағдайға қатысты Португалияда тексеру бастағанын хабарлады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу