Алматыда эпидахуал ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда эпидахуал ушығып барады

25.03.2021

Алматыда эпидахуал ушығып барады. Соңғы тәуліктерде коронавирус жұқтырушылар күрт көбейген, тіпті, бір күнде 400-ден аса адамнан инфекция табылған. Қала билігі тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр. Әсіресе, созылмалы аурулардан зардап шегетін және 65 жастан асқан тәуекел тобындағы адамдарға көпшілік орындарға барудан бас тартуға кеңес береді.

Мегаполисте эпидахуалдың ушығуы мен COVID-19 жаңа штаммының таралуы жалғасқан жағдайда ПТР тестілеудің тәуліктік қуатын 35 мыңға дейін көбейту көзделген. Бұған дейін тұрғындарға күніне 8 мың тестілеу жүргізіліп келген еді. ПТР тестілеуді арттыру қарастырылса, зертханалық топтардың санын көбейту және екі ауысым арқылы үздіксіз жұмыс істеу қарастырылмақ.

Айта кетейік, қазір қалада Бас санитардың қаулысымен наурыздың 28-іне дейін күшейтілген карантин енгізілген.

Жазира Оразқызы

коронавирус Алматы

Хабарламаларға жазылу