Краншылар жалақының төмен екенін айтып шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Краншылар жалақының төмен екенін айтып шағымданды

21.03.2021

Соңғы кезде еліміздің әр аймағында жалақыны көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылар наразылығы жиіледі - түрлі кеніштерде істейтін мұнайшылар, мұнай саласында қосалқы жұмыс істейтін жұмысшылар, трансформатор зауытының еңбекшілері. Оларды бердік. Наразы тағы бір жұмысшы қауымы бар. Құрылыста кран басқаратындар. Олар қолданыстағы крандардың көнергенін айтады. Жаңа мұнаралы кран аз, көбі 1970-1980 жылғы ескі техника. Тиісінше, ақау пайда болмай қоймайды. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тіпті желдің жылдамдығын өлшейтін құрал қойылмайды екен. Қатты желдің кесірінен кран құлап жататыны өтірік емес. Тіпті Нұр-Сұлтанда кран операторы қазаға ұшырады. Көнерген кранды тізгіндегендердің екпіндей жел тұрып, кран құламаса дегеннен басқа да уайымы жетеді. Соншама тәуекелмен, басын қауіп-қатерге тігіп жұмыс істегенде алатын жалақысы мардымсыз. 

Бұл енді жалғыз краншылар жұмыс істейтін құрылыс саласына ғана тән жағдай емес... Мәселелері өздері отырған техниканың тепкішіндей көп краншылардың проблемаларын зерттеген Данияр Қайыртайдың «Биіктегілердің» бәрі қамсыз емес» деген материалы.

жалақы еңбек дауы

Хабарламаларға жазылу