Шымкентте көшеге Қазақ радиосы атауы берілді
Ұлтымыздың үнжариясы болған радионың 100 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласындағы көшелердің біріне Қазақ радиосы деген атау берілді. Ұзындығы екі шақырымға жуықтайтын көше қаланың жаңа келбетпен дамып келе жатқан аумағында. Бүгін осы салтанатқа орай Қазақ радиосының ардагер журналистері көше тұрғындарымен кездесіп, ізгі тілектерін арнады. Көше атауы жазылған тақтайшаның бір данасы Қазақ радиосының мұражайына табыс етілді. Мерейтой аясындағы салтанатты шара бүгін «Шымкенттен сөйлеп тұрмыз» атты думанды концертке ұласпақ.
Сауық Жақан, Қазақ радиосының ардагері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:Қандай ұлт, қандай жерде тұрады, қандай өнері бар, қандай халық екенін дүниежүзіне таратқан Қазақ радиосы арқылы. Міне соған, 100 жылдыққа көше беру деген қандай ғажап! Халық өзінің ыстық жүрегін көрсетіп отыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06