Соңғы 5 жылда «Арселор Миттал Теміртау» компаниясында 25 апат болған
Мәжіліс депутаты Альберт Рау метталургия алыбы «Арселлор Миттал» компаниясына мемлекеттік техникалық аудит жүргізуді талап етті. Оған өндіріс орнындағы апаттардың жиілеп кеткендігі себеп. Депутаттың сөзінше соңғы 5 жылда комбинатта 25 ірі апат болған. Ондаған адам қаза тапты. Компанияның техникалық жағдайды жақсартуға миллиардтаған инвестиция құйып жатырмыз деген есептері сенімсіз екенін айтты. Теміртау қаласының экологиясын жақсарту үшін 500 мың түп тал егуі де керек болған. Алайда бұл міндетін атқаруға асығар емес. Қала тұрғындарын кәсіпорынның меншігіндегі 2-ші жылу электр станциясының да жағдайы алаңдатады. Ақпанның қатты аязында ондағы бірнеше қазандық істен шығып, мыңнан аса баспана жылусыз қалған еді.
Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:«Арселлор Миттал» трансұлттық компаниясы басқа елдердегі метталургиялық комбинаттардың бар ресурсын сорып болған соң олардан жай ғана бас тарта салған. Осы ақпарат біздің азаматтарды алаңдатып отыр. Мұндай жағдай Алжир, Тринидад, Польша және тағы басқа елдерде болған. Үкіметке осы компанияны заңға сәйкес тексеруді және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін кәсіпорын басшылығына қатысты шара қолдануды сұраймын.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05