Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

17.03.2021

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды. 20 наурыздан бастап қалада бірқатар карантиндік шектеулер енгізіледі. Жаңа құжатқа сәйкес, жұмыс күндері қоғамдықкөлік әдеттегідей қатынайтын болады. Тек демалыс күндері таңғы және кешкі уақытта жүреді. Бұл шаһардағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты. Жабық және ашық базарлар сенбі мен жексенбіде жұмыс істемейді. «Медеу» мен «Шымбұлақта» жаппай сырғанауға тыйым салынбақ.

Сондай-ақ, демалатын және көңіл көтеретін нысандардың да жұмысына шектеу қойылады. Сенбі, жексенбі күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Ал, мереке күндеріндегі жұмыс уақыты кешкі сағат 17.00-ге дейін шектеліп отыр.

Қуан Нұрақын

карантин алматы бекшин

Хабарламаларға жазылу