Латын әліпбиі – отандық ғалымдардың қажырлы еңбегінің нәтижесі
Жаңа латын әліпбиінде 31 әріп пен тек шетелдік сөздерге қолданылатын қосымша тағы 3 әріп бар. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты мамандарының айтуынша, бұл - тілтанушы ғалымдардың бірнеше жыл бойы зерттеулерінің нәтижесінде жасалған жоба. Сондықтан ерекшелік те жоқ емес. Мысалы, әріп саны алдыңғы жобада 32 болса, бұл әліпбиде - 31. Диграф сияқты екі әріп қосындысынан жасалған әріптер жоқ.
Жанар Жұмабаева, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері:Бірнеше жылдан бері зерттеу жүргізіліп келе жатқан ғалымдардың жұмыстары негізге алынды. Ал практикалық жағынан неге маңызды дейтін болсақ, әрбір әріпке сауалнама жүргізілді. Сынама өткізілді. Осының нәтижесінде қазіргі ұсынылып отырған латын әліпбиінің педогогикалық жағынан, психологиялық жағынан, әдістемелік жағынан өте тиімді екені ескерілді.
Назира Әміржанова, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі:Бәріміздің алдымыздағы үлкен міндет осы ұлттық жазылым, ұлттық айтылым заңдылықтарын қайта қалыптастыру. Соның механизмдерін жөндеу болып табылады. Осыған байланысты емле ережесі тоғыз тараудан тұрады. Оның үлкен жаңалығы шет тілдік сөздердің жаңаша жазылуы болып табылады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39