Латын графикасына көшуде маңызды мәселелер ескерілуі тиіс
Зиялы қауым өкілдері латын графикасына көшу науқанында баса мән берілуі тиіс мәселелерді айтып берді. Мәселен, орыс-қазақ мектептерінде бірі латын графикасымен, екіншісі кириллицамен оқитын болса, ұрпақтың ара жігі ажырап қала ма деп алаңдайды.
Сондай-ақ кириллицамен сақталған әдеби жазбаларды кезең-кезеңімен латын қарпіне аудару - алғашқы қолға алынуы тиіс шаруалардың бірі болуы тиіс. Латын графикасына ерте көшкен көрші елдердің тәжірибесін ескеріп, жіберілген қателіктерден сабақ алуымыз қажет деген пікірде.
Смағұл Елубаев, жазушы, қоғам қайраткері:
Қазақ мектептері деп, орыс мектептері деп екіге бөліну ертең латын графикасына өткен кезде әліппе бойынша да екіге бөлініп қалмаса екен дейміз.
Ұлықбек Есдаулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Бұрын көшкен өзбектердің жіберген қателіктерін, әзірбайжандардың жіберген қателіктерін, өздері мойындап, өздері айтып отырған бізді сақтандырып отырған жақтары бар. Біз сол қателіктерге ұрынбауымыз керек.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06