Су арнасының Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңындағы тұсында шармай балығы шалажансар күйінде жағалауға шығып қалған. Ішінде майда шабақтар да бар. Оқиға орнын зерттеуге барған балық инспекциясы, экология департаменті мамандары өзенге аққан қар мен жаңбыр суы балықтардың тіршілігіне кері әсер еткен болуы мүмкін деген болжам айтты. Өйткені арнадағы судың түсі кейбір аймақтарда қоңыр-қызыл түске боялған. Бүгін ветеринарлар өлген балықтардан сынама алып, арнайы зертханаға жөнелтті. Оның қорытындысы бір аптадан кейін белгілі болады. Мамандар сондай-ақ балықтың жаппай қырылуына іргедегі мұнай өңдеу, қорғасын зауыттарының және жағалаудағы үйлерден шығатын қоқыстың да әсері болуы мүмкін екенін айтады.
Қалыбай Мылтықбай, Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринар дәрігері:
Қоқыстан улануы мүмкін. Зауыттың қалдықтары басқа жақта болуы керек қой.
Ғани Қалмаханов