Қырғызстанда халық жаңа конституцияға наразылық білдіріп жатыр
Қырғызстан астанасы Бішкекте халық Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы наразылық білдірді. Олар парламенттің таратылуын талап етуде. Ақ үй маңында өткен митингке 50 шақты адам жиналған. Айта кетсек, наурыздың 3-де Жоғарғы Кеңес депутаттары Ата Заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Алайда мамандардың хабарлауынша, дауыс беру барысында ережелер өрескел бұзылған. Митингке жиналғандар ел президенті Садыр Жапаровты жаңа Конституция арқылы билікті заңсыз басып алмақ деп айыптап, талаптар орындалмаса, шерулерді жалғастыратынын айтты.
Исхак Масалиев, митингіге қатысушы:
Былтыр қазанның 28-де парламенттің уәкілеттігі тоқтады. Сондықтан оның заңға өзгеріс енгізуге еш құқығы жоқ. Депутаттардың бұл әрекеті заңсыз. Біз жаңа Парламент құрамын жасақтауды аяқтау қажет деп ойлаймыз. Содан кейін ғана заң реформасы жүргізілуі тиіс.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06