«Қымбат жандар» бағдарламасында ана мен бала қауышты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қымбат жандар» бағдарламасында ана мен бала қауышты

05.03.2021

Арнамыздағы «Қымбат жандар» бағдарламасында тағы да жақын жандар қауышты. Жеті ай хабар-ошарсыз кеткен азамат үйіне оралды. Үміт Ершееваның ұлы былтыр үйден шығып кетеді. Жаздың жайма шуақ күнінде жалғыз баласынан көз жазған ананың іздемеген жері қалмаған. Тау тасты аралап, орман тоғайды кезгенімен нәтиже болмапты. Анасының сөзінше ұлы сөйлей алмайды, құлағы естімейді. Осыдан бірнеше ай бұрын әжесінің аманатын арқалап келген немересі «Қымбат жандар» бағдарламасынан көмек сұраған. Эфирден соң студияға бірден шымкенттік тұрғын, хабарласып көрген білгенімен бөлісті. Сөйтсе ол жол жөнекей көлік тоқтатып, тоңып тұрған Ерболға қамқорлық танытып, үйіне қондырып келген. Осылайша бағдарлама адасқан бала мен зар жылаған ананың табысуына дәнекер болды. 

Үміт Ершеева, Ербол Саитовтың анасы:  
Бүгін менің қуанышым жүрегіме сыймай тұр. «Қымбат жандарға» мыңда бір рахмет айтамын. 

Оқиғаның мән-жайы қалай болғанын толығырақ осы жексенбі «Қымбат жандар» бағдарламасынан сағат 17:10-да көре аласыздар. 

Раушан Сайлауқызы 

Хабарламаларға жазылу