Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Абырой болғанда жүргізуші дін аман. Ол денсаулығының жақсы екенін айтып, ауруханаға барудан бас тартты. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Қиыршық тас тиелген салмағы 27 тонналық КамАЗ жылу құбырлары орналасқан аумаққа кірген. Соның кесірінен жер опырылып, көлік су құбырының үстіне құлаған. Салдарынан 500 миллиметрлік құбырға зақым келді. Қазір бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлер жылудан уақытша ажыратылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. «Алматы жылу желілерінің» мамандары түнгі сағат 11-ге дейін ыстық су мен жылуды қосуға уәде беріп отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06