Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің төртінші отырысы өтті. Жиында шетелдік инвесторлар кеңесін жаңғырту жұмыстарының қорытындылары, шетел инвесторлары үшін мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігі туралы баяндамалар тыңдалды. Шетелдік сарапшылар Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі мәселелерге және реформалар стратегиясын одан әрі дамытудың перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Отырыс қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы ұсынылған бастамаларды қолдап, оларды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Инвестиция тарту мәселесінен бастасақ. Қазіргі әлемдік экономикалық жағдайды есепке алғанда инвестиция тарту мәселесінің маңыздылығы одан сайын артады. Пандемияның салдарынан әлем бойынша инвестиция мөлшері 42 пайызға азайып 859 млрд доллар шамасында болды. Мұндай теріс көрсеткіш 90 жылдары ғана болған. Өткен жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы кіріс көлемі 12,6 млрд доллар болды. Бұл 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 32 пайызға аз. Алдағы уақытта жағдай өзгереді деп сенеміз. Бірақ пандемияға байланысты шетелдік инвестициялардың аз болуы мүкін деген де қауіп бар. Сондықтан, жаңадан инвсеторлар тарту үшін біз бизнеске барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бұл туралы Үкіметке тапсырма бердім.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Бразилия 1/8 финалға өтті
30.06.2026, 13:18
Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
30.06.2026, 13:15
Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
30.06.2026, 13:12
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
30.06.2026, 13:09
Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
30.06.2026, 13:06
Полиция департаменті: Жалған QR көбейді
30.06.2026, 13:03
Президент: Мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз
30.06.2026, 13:00
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07