Басты Жаңалықтар Ақмола облысында санитарлық талаптарды сақтамаған 14 мектепке айыппұл салынды

Ақмола облысында санитарлық талаптарды сақтамаған 14 мектепке айыппұл салынды

Ақмола облысында жыл басынан бері санитарлық талаптарды сақтамаған 14 мектепке 800 мың теңге айыппұл салынды. 1-қаңтардан бастап облыста 500 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. 82 мектеп карантинге жабылды. Оның 60-ы оқушыларға дәстүрлі форматта білім беруге қайта көшті. Ал бақылау топтары жыл басынан бері барлығы 7 мыңға жуық нысанда тексеріп, 200-інде карантин талаптарының сақталмағанын анықтады. 27 миллион теңге айыппұл салынды. 

Айнагүл Мусина, облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
Облыста коронавирус инфекциясының таралуы төмендеп келеді. Дегенмен бақылау топтарының жұмысы тоқтамайды. Әсіресе, демалыс күндері күшейтілген түрде қызмет атқарады. Бұдан былай көпшілік іс-шараларды ұйымдастырғанда да, оған қатысқандар да жауапкершілікке тартылатындығын ескерткім келеді.  

Ермек Елберген

Бөлісу