Соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,2 есеге төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,2 есеге төмендеді

24.02.2021

Соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,2 есеге төмендеді. Бұл туралы министрлік өкілдері арнайы брифингте айтты. Қазақстанның осы мерзім аралығында жасыл аймақта тұрғаны белгілі. Бүгінде «қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ. Тек 5 облыс әлі де «сары» аймақтар тізімінде.

Эпидахуал қаупі орташа деңгейдегі өңірлер қатарында Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған 11 өңір «жасыл» аймақта. Бұл карантиндік шаралардың нәтижесі деп отыр мамандар. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 200 мыңның үстіне шыққанымен, соңғы аптадалардағы статистика көңіл жұбатарлық.

Ерлан Қиясов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - қр бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
КВИ-дің оң нәтижесімен ауырған 179200 науқас, теріс нәтижесімен ауырған 37мыңнан астам науқас ауруынан сауықты. Соңғы екі аптада КВИ-мен ауырғандар саны 1,2 есеге төмендеді.

Сондай-ақ 65 жастан асқандарға екпе салуға рұқсат берілді. Ал осыған дейін салынған екпенің тиімділігі енді білінуі мүмкін. 21 күннен кейінгі екінші доза жуырда салынды. Алғашқы компонент 20157 адамға, екіншісі 2137 адамға егілді. Енді тек Қарағандыда өндірілген вакциналар пайдаланылады. Ал екпе алғандар арасында кері әсер байқалмаған. Медицина қызметкерлері түгел қамтылған соң, наурызда мұғалімдер мен әскери қызметкерлер, сәуірде үкімет мүшелері мен депутаттар салдыруы мүмкін. Бір қуантарлығы британдық штам елде тіркелген жоқ.

Нұрша Әзімбаева, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сарапшысы:
Ғалымдар мұнымен айналысады. Британдық штамм біздің елде тіркелген жоқ.

Ал балалар арасында вирус жұқтырғандар саны 8600-ға жуықтады. Оның 6089-і қашықтан оқыған, ал 2583 мектепте жүріп жұқтырған.

Раушан Сайлауқызы, тілші:
Қазір министрлік тарапынан карантиндік шектеулерді біртіндеп жеңілдету қарастырылып жатыр. Ал карантиндік шектеулерді мен санитарлық талаптарды түгел алып тастау үшін барлық аймақ жасыл тізімде болу керек. Вирус жұқтырғандар көрсеткіші төмендеуі тиіс. Әрі ұжымдық иммунитет 50 пайыздан жоғары қалыптасса ғана қалыпты өмірге қайта оралуға болады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу