Ұлыбританияда маусым айында шектеулер толық алынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда маусым айында шектеулер толық алынуы мүмкін

24.02.2021

Англияда 21 маусымға қарай коронавирустық шектеулер толықтай алынып тасталуы мүмкін. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон парламентте кезең-кезеңімен локдауннан шығудың жол картасын жария етті. 

Бірінші кезекте 8 наурыздан бастап, мектептер ашылады. Сондай-ақ далада екі адамға, ал айдың соңына қарай 6 адамға дейін сыртта серуендеуге рұқсат етілмек. 12 сәуірден кейін дүкен, шаштараз, тренажер залдары, жазғы алаңдары бар қоғамдық тамақтану орындары және зообақтар жұмысын жандандырады. 17 мамырдан бастап мейрамхана, кинотеатрлар мен қонақ үйлер ашылады. Футбол стадиондары 10 мың адамға дейін көрермен қабылдай алады. Ал, үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдеріне 30 адамға дейін қатысуға және халықаралық сапарларға шығуға рұқсат етілмек.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі: 
Айтарлықтай қауіп әлі де бар және ауруханалардағы науқастар саны енді-енді азайып келеді. Бірақ осы уақытқа дейін Ұлыбритания бойынша 17,5 миллион адамның коронавирсқа қарсы екпе алуына байланысты осындай қадамға баруымыз мүмкін болып отыр. 

  Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу