Президент Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Ақордада Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту тетіктері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады. Екі елдің қарым-қатынасы әлемдегі күрделі жағдай мен пандемияға қарамай жоғары деңгейде дамып жатқанын атап өтті. Ал көрші ел дипломаты Өзбекстан президентінің сәлемін жолдап, Ташкентте өтетін «Орталық және Оңтүстік Азия: Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияға қолдау көрсету туралы өтінішін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевқа жылы лебіз білдіріп, эпидахуал жақсарғаннан кейін Қазақстанға сапармен келу туралы ұсыныс жасады.
Президент сондай-ақ Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің пандемияға қарсы күрес жұмыстарына оң баға берді. Тараптар халықаралық нарықтағы бүгінгі үдерістер мен сын-қатерлерді ескере отырып, энергетика саласындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Альбина Әшім
Автор
Альбина Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03