Алаяқтар зейнетақы деректеріне қатысты жалған хабарламалар таратып жатыр
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры желіде алаяқтардың жалған хабарлама таратып жатқанын ескертті. Яғни, өзін зейнетақы қорының қызметкерімін деп таныстыратын пысықайлар банк картасының нөмірі мен зейнетақыны қайта есептеу үшін салымшыдан жеке деректерін сұрайтын көрінеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұндай алдау жүйесінің Ресейде жүзеге асырылғанын, қазақстандық зейнетақы қорына еш қатысы жоқ екенін анықтады. Қор қызметкерлері жеке деректер мен банк карталарының нөмірін сұрамайтынын еске салды. Сондықтан салаға жауапты мамандар бейтаныс сайттарға, күдікті сілтемелерге өтпеу керектігін ескертеді. Ақпаратты тек ресми сайттан алуға кеңес береді.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06