«L-Капитал» компаниясының негізін қалаушы ұсталды
Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаған күдікті ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше ол 1962 жылы туған азамат. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қаржылық пирамида құрды және оған басшылық еттті деген айып тағылып отыр. Осы күнге дейін бұл компаниядан зардап шеккен елуге тарта адам полицияға арызданған.
Еске салайық, «алданып қалдық» деген бірнеше қазақстандық консалтингтік компанияның үстінен жаппай шағымданған еді. Көбі акция сатып алу үшін пәтерлері мен автокөліктерін сатқан. Ал, компания өкілдері салымшыларға бағалы қағаз жыл сайын 30 пайыз пайда әкеледі деп уәде берген.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Компания кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06