Шымкенттік тұрғын бөгде адамдардың атынан 50-ге жуық онлайн несие рәсімдеген
Шымкент қаласының тұрғыны бейтаныс адамдардың атынан онлайн несие рәсімдеп, пайда тапқан. Сан соғып қалғандардың дені - өзге аймақтың тұрғындары. Бұл үшін ол әлеуметтік желіде жарияланған бөгде жандардың жеке куәліктері, суреттері мен мәліметтерін пайдаланған. Криминалды полиция 31 жастағы жігіттің осындай айла-тәсілмен 50-ге жуық адамды алдып соққанын анықтады. Күдікті ең алдымен ғаламтор арқылы жеке құжаттарын жоғалтып алған азаматтардың дерегін іздеп тапқан. Кейін сол арқылы қаржы ұйымдарына өтініш жазып, несие қаржы рәсімдейді.
Алаяқтың арбауына түскен азаматтардың бесеуі - Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты.
Жангелді Әпенов, Петропавл қаласы полиция басқармасының жедел уәкілі:Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалып, қылмыстық іс қаралуда. Сондай-ақ оны осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған баптың жазасы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06