Отандық кәсіпорын шығаратын вакцина ресми түрде тіркелді
Коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасын тіркеу жұмыстары толығымен аяқталды. Яғни, оның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мамандары жан-жақты тексеріп, қорытынды жасаған. Бірер күнде арнайы сертификат берілмек. Осылайша еліміз бұл вакцинаны қолдануды мақұлдаған әлемдегі 27-ші мемлекет болып отыр. Енді екпенің алғашқы 90 мың дозасы осы айдың соңына дейін Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндіріледі. Ал мамыр айына дейін шамамен 2 миллион дана шығарылмақ.
Зәлия Нұрымбетова, фармацевтикалық кешеннің ресми өкілі:Қарағанды фармацевтикалық кешені өз базасында өндіретін ресейлік «Спутник-V» вакцинасын ресми түрде тіркеу жұмыстарын аяқтады. 13-і қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама орталығынан вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі жөніндегі қорытынды құжатқа қол жеткіздік. Соның негізінде министрліктің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алу үшін өтінім жасалды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09