Оңтүстіктен Успенка ауданына биыл 66 отбасы көшіп келеді
«Нұрлы жер», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары шекарадағы халқы аз елді мекендерді сақтап қалуға мүмкіндік берді. Мәселен, Павлодар облысы Успенка ауданына 600-ге жуық адам көшіп келді. Олар алдымен баспанамен қамтылып, жұмысқа орналастырылды. Тұрмысқа қажетті отын-су, азық-түлік, балаларға киім-кешек берілді. Биыл оңтүстіктен тағы 66 отбасы, яғни 260 адам келеді. Қазір 8 пәтер дайын тұр, тағы 10 үй салынбақ. Сондай-ақ , ауылдарда жабылып қалған мектептер де қайта ашылуда.
Рысқал Тәжібаева, тұрғын:Үлкен қызым қазір оқу ісінің меңгерушісі болып істейді, кішкене қызым ағылшыннан мұғалім, тренер болып бала жұмыс жасап жатыр. Жылы үйге отырғызып, таза, жаңа үйдің кілтін желтоқсанның 31 күні берді.
Данияр Оспанов, Успенка ауданы әкімінің орынбасары:Успен ауылында 8 пәтерлі 4 үй, Новопокровкада 4 пәтерлі екі үй, Қоңырөзек ауылында 4 пәтер дайын тұр. Сәуір айында Оңтүстік облыстардан келетін ағайындарды қоныстандырамыз. Адам саны көбейіп, іргеміз кеңейіп қалды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00