Павлодарда тағы құбыр жарылып, бірнеше нысан сусыз қалды
Павлодарда бүгін тағы құбыр жарылып, көпқабатты бірнеше үй мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды. Кеше ғана қаланың орталығындағы негізгі магистральдің камерасындағы ысырма қақпақ сынып кетіп, отыздан астам тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысанға су берілмеді. Жөндеу жұмыстары бүгін кешкісін аяқталды. Тұрғын үйлерге су біртіндеп беріліп жатыр. Ал, бүгін жарылған құбырдың қашан ауыстырылатыны әзір белгісіз. Тұрғындарға ауыз арнайы көліктермен тасымалдануда.
Вадим Паршуков, «Павлодар су арнасы» ЖШС бас инженерінің орынбасары:-Нұрмағанбетов көшесінде диаметрі 200 миллиметрлік құбыр жарылған. Көпқабатты 7 үй мен 3 әкімшілік ғимарат сусыз қалды. Ал, Астана 8 мекенжайындағы ақаудың салдарынан көпқабатты 3 үйге су жіберу тоқтатылды. Қазір сол аймақтарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 13:18
Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды
05.11.2025, 13:15
Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген
05.11.2025, 13:12
Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы азамат сайланды
05.11.2025, 13:09
Филиппиндегі тайфуннан 66 адам қаза тапты
05.11.2025, 13:06
Қызылжарда екі-ақ күнде 130 адам жарақаттанған
05.11.2025, 13:03
Astana Media Week 2025 апталығы басталды
05.11.2025, 13:00
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29