ЕАЭО елдері арасында дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 23 пайызға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО елдері арасында дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 23 пайызға артқан

05.02.2021

Пандемия кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдері арасында дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 23 пайызға артқан. Сондай-ақ химия өнеркәсібі, азық-түлік, сүт пен ет өнімдерінің тұтынуы көрсеткіші ұлғайған. Алайда импортталып келетін жеміс-жидек, қант қызылшасы, кейбір жарма өнімдерінің тапшылығы байқалды. Бұл туралы бүгін баспасөз брифингінде есеп берген одаққа мүше елдердің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың сөзінше, ішінара сауда күрт дамығанымен, экспортқа шығаратын өнім көлемі көңіл көншітпейді. Сол себепті, бизнестің мүмкіндігін кеңейте отырып, өнімдерді өзге елдердің нарығына шығарудың жолын қарастыру керектігін айтады. Оның алғашқы тиімді әдісі – цифрландыру мүмкіндігі. 

Арман Шаккалиев, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі:
Цифрлы қолтаңбаны пайдаланудың өзі электронды мүмкіндікте біраз мәселені шешетіні анық. Бүгінде комиссия мүшелерімен осы цифрландыруға қатысты біраз жоспар құрдық. Әрине, әр елде цифрлы мүмкіндіктің жағдайы әртүрлі. Дегенмен, 2025 жылға дейін толық цифрландыруға көшу жөнінде стратегиялық жоспарымыз тұр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу