Талдықорғанда кинотеатрлар мен музейлер жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда кинотеатрлар мен музейлер жұмысын тоқтатты

28.01.2021

Павлодар облысында қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге жіберілмек. Президент сынынан киін аймақ басшысы COVID-19-ға қарсы іс- қимыл жөніндегі штабтың жедел отырысын өткізіп нақты тапсырмалар жүктеді. Қазір облыста эпидахуал өршіп тұр. Екі аптадан бері ауру жұқтырғандар саны 200-ден төмен түскен жоқ. Соңғы тәулікте 221 тұрғыннан вирус анықталды. 600-ден астам адам стационарларда ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 13 сәби және 8 жүкті әйел бар. Бір қиыны вирус жұқтырғандар ауылдық жерлерде де көбейді. Әсіресе Ақсу қаласы мен Железинка, Аққулы және Тереңкөл аудандарында екі есеге өскен. Жыл басталғалы өндірістегі еңбеккерлердің арасынан 237 адам ауырған.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:
-Адамдар көп жиналатын банк, халыққа қызмет көрсету орталықтары және басқада кәсіпорындар жұмыскерлердің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге жіберсін. Бұны орындамаған кез келген мекеме, кәсіпорын жауапкершілікке тартылады.

Талдықорғанда карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.Мәселен, 15 адамнан артық қызметкер жұмыс істейтін кеңселерде ұжымның 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Мәдени нысандар, кинотеатрлар мен музейлер қызметін уақытша тоқтатты. Қоғамдық тамақтандыру орындарында адам санын 50 пайыздан асырмау талабы қойылды. Сауда, ойын-сауық орталықтары да сенбі, жексенбі жұмыс істемейді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу