Қазақстан құс етінің 40% сырттан әкеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құс етінің 40% сырттан әкеледі

27.01.2021

Қазақстандықтар тұтынатын тауық етінің 40%-ы шеттен келеді. Салдарынан баға тұрақсыз. Желтоқсан айында бір келі тауық еті 933 теңгеге жеткен. Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сай, біздің ел жыл сайын 140 мың тонна тауық етін сырттан сатып алуға міндетті. Ауыл шаруашылығының мамандары аталған талап 2023 жылы өз күшін жояды деп отыр. Бағаның өсуіне жем-шөптің қымбаттауы да себеп. Бүгінгі таңда астық 2,2 есе өсті. Егер 2019 жылы бидайдың бір тоннасы 46 мың теңге болса, қазір 100 мың теңге төңіргенде. Майлы дақылдар әсіресе, соя күнжара 90 мың теңгеден 270 мың теңгеге дейін қымбаттаған. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнының маңызды бөлігі – бұл жем. Сол себепті, жұмыртқа мен құс еті қымбаттаған. Мамандар, жазда баға қылпына келеді деп отыр.

Еркебұлан Ахметов, ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры:
-Бройлерлік құс етін өндіру бойынша 8 құс фабрикасы іске қосылды. Олардың жалпы қуаттылығы 94 мың тонна. Олардың алғашқы өндіріс көлемі биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында басталады.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу