Коронавирусқа қарсы вакцинаны кімге салуға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы вакцинаны кімге салуға болмайды

27.01.2021
Коронавирусқа қарсы вакцинаны кімге салуға болмайды

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының қандай жағдайда ем болмайтындығын айтып берді.

«Ең алдымен анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, жүктілік және бала емізу кезеңдері, 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарттар. Қазіргі уақытта аталған санаттағы адамдарды вакциналау туралы деректердің аз болуынан, біз өндірушілер ұсынатын материалдарды үнемі зерттеп отырамыз және осы санаттарға вакциналарды қауіпсіз жүргізу туралы жаңа ақпарат түскен сайын көрсеткіштер кеңейтіліп отырады», - деді Марат Шоранов.

Вице-министр препаратты бауыр мен бүйректің созылмалы ауруы барларға, қант диабеті сынды эндокриндік жүйенің айқын бұзылысы байқалғандарға сақтықпен қолдану қажеттігін ескертті.

«Қан түзілу жүйесінің ауыр сырқаттарында, эпилепсия, инсульт және орталық жүйке жүйесінің басқа ауруларында, жүрек-қантамыр жүйесі дерттерінде, бастапқы және қайталама иммун тапшылығы мен аутоиммунды, сондай-ақ, демікпе және созылмалы обструктивті өкпе ауруларында сақтық таныту қажет. Диабетпен және метаболикалық синдром, атопия мен экзема аллергиялық реакциялары, сондай-ақ қатерлі ісік, қатерлі қан аурулары бар науқастарға вакцина саларда ағза жағдайын жекелей қарастыру керек. Яғни, бұл жағдайлар абсолютті қарсы көрсетілімдерге жатпайды және вакциналау кезінде әр науқастың жалпы жағдайына қарай байланысты дербес тағайындалуы тиіс», - деп түсіндірді М. Шоранов.


Хабарламаларға жазылу