Вакциналау науқаны: Павлодар облысында 90-нан астам егу кабинеттері ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакциналау науқаны: Павлодар облысында 90-нан астам егу кабинеттері ашылды

27.01.2021

Ресейде жасалған «Спутник V» препаратының алғашқы мың данасы Павлодар облысына бірер күнде жеткізіледі. Оларды сақтауға қажетті тоңазытқыштар мен мұздатқыш камералары дайын. Облыстық ауруханада вакцина сақтау қоймасы жасақталды. Осы жерден әр мекеме термоконтейнерлерге салып, өдеріне апарады. Қазір медициналық мекемелер вакцина егуге қам жасап жатыр. 90-нан аса егу кабинетері ашылды. Республикадан өңірге кезең-кезеңімен 80 мың вакцина бөлу қарастырылған. Ең бірінші кезекте препаратты медицина қызметкерлеріне салу көзделген. Қазір аймақта короновирустың таралуы күш алып тұр. Соңғы тәулікте 219 адам жұқтырған.

Ерғалы Асылбек, Денсаулық сақтау басқармасының Медициналық ұйымдарды стратегиялық дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Медициналық қызметкерлерден басқа, білім беретін оқу орындарының қызметкерлері, яғни, бұл мұғалімдер, құқық қорғау қызметкерлері, одан басқа диспансерлік есепте тұратын, созылмалы аурулары бар науқастар.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу