Елімізде бензин қымбаттап барады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше бір ай бұрын жұрт көп тұтынатын АИ-92-нің орташа бағасы 150 теңге болған. Қазір ол 3-4 теңгеге өсті. Мәселен ең қымбат жанармай Өскеменде литрі 156 теңге. Ал Алматыда 151, Нұр-Сұлтанда 152 теңге. Арзан бензин Атырауда литрі 142 теңге. Бағаның өсуіне көрші Ресейде жанармайдың 10 пайызға қымбаттауы себеп. Нарық ортақ болған соң, қымбатшылық бізге де әсер етіп жатыр дейді сарапшылар. Былтырмен салыстырғанда баға 3 пайызға өскен.
Десе де бензиннің арзандығы жағынан еліміз әлем бойынша жетінші орында. Global Petrol Prices агенттігі ұсынған дерекке сай, ең арзан жанармай Венесуэлада. Литрі-9 теңге. Одан кейін Иран, Ангола, Алжир, Кувейт, Катар елдерінен кейін Қазақстан орналасқан. Ал әлем бойынша қымбат жанармай Гонконгта. Литрі - 980 теңге. Бұл АИ-95-пен 98-ді қоса есептегендегі орташа баға.
Досжан Маратұлы